Бокс. Әлем Чемпионаты - 2023. 2-күн

Қазақстан құрамасынң боксшылары Әлем Чемпионатындағы жеңісті жолдарын жалғастыруда. Бүгін екінші жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан екі боксшымыз дп қарсыластарынан басым түсіп келесі кезеңге жолдама алды. 

Күндізгі сессияда сынға түскен Сағындық Тоғамбай (86 келі) конголық қарсыласына үш нокдаун беріп, жекпе-жекті мерззімінен бұрын аяқтады. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың шәкрті жаһандық додаға алғаш рет қатысып отыр. Сағындық келесі айналымда өзбекстандық Шохжаһон АбдуллаевпШохжаһон Абдуллаевпен кездеседі. 

Кешкі сессияда бірінші болып шаршы алаңға көтерілген Санатәлі Төлтаев тартысты өткен кездесуде 3:2 есебімен Израиль елінің өкілі Ахмад Штивиді жеңіп, екінші кезеңге жолдама алды. Бұл Санатәлі үшін екінші Әлем Чемпионаты. 2021 жылы Сербияда өткен жарыста ширек финалдық кезеңге дейін жеткен еді.

Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша ұлттық қорытындысы бойынша төрт боксшымыз жарысты жалғастырады. 

Ертең үшінші жарыс күнінде күндізгі сессияда 60 келі салмақта Талғат Сырымбетов Әлем Чемпионатындағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы Иорданиялық Абухадже Мухаммед.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды
Әлемнің спортшы студенттерін біріктіретін Дүниежүзілік XXХII Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы
Универсиада: Қазақстан алғашқы ойында жеңіске жетті
Теннис: Сандуғаш Кенжебаева ITF W15 сериясындағы жұптық бәсекеде жеңімпаз атанды