Qazaqstan Barysy Grand Slam: екінші жарыс күнінің нәтижелері

Қазақстан ұлттық құрама командасы Астанада өтіп жатқан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші күнінде қос қолаға қол жеткізді. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов көтерілді.

Кіші финалда Данияр Шамшаев отандасымыз Жансай Смағұловтан басым түсті. Нәтижесінде, Данияр Шамшаев қола жүлдеге ие болса, Жансай Смағұлов жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ал дәл осы салмақ дәрежесінде екінші қолаға иелік еткен Асқар Нарқұлов грузиялық Гранд Слэм чемпионы Джорджи Терашвилиді жеңді.

Екі спортшымыз да бүгінгі жарыста төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңімпаз атанды. Данияр Шамшаев Еуропа Кубогінің чемпионы Олин Вальтери (Финляндия), Гранд Слэм чемпионы Джорджи Терашвилиді артта қалдырып, тек үшдүркін Гранд Слэм чемпионы және финалда осы жарыстың жеңімпазы атанған Махмадбек Махмадбековке (INA) есе жіберді.

«Мен үшін бүгінгі жарыста қола жүлде үшін белдесу өте қиынға соқты. Себебі мен кіші финалда өзіміздің ағамыз Жансай Смағұловпен белдестім. Екеуміз үнемі бірге жаттығамыз, бір-біріміздің қыр-сырымызды өте жақсы білеміз. Белдесуге шығар алдында «кім ұтса да, бастысы медальді қазақ алады» деп, ең бастысы жарысты жарақатсыз аяқтау туралы ойладық.

Себебі алда маңызды жарыстар бар, мәселен, бір жылдан кейін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Осы ойымызды жүзеге асыра алдық.

«Бұл елімізде өткен жарыстарға екінші рет қатысуым. Әрине, өз үйіңде белдесу өте үлкен жауакершілікті талап етеді. Артыңда өз халқың тұр. Бірақ керемет сезім. Жанкүйерлер айқайлап, қолдап жатқанда күшің арта түскендей болады. Барша жанкүйерлерге алғысым шексіз. Ертең де келіп, балуандарымызға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!»,- дейдіДанияр Шамшаев.

Ал Асқар Нарқұлов Оливер Шорт (Ұлыбритания), Шахрам Ахадов (Өзбекстан) және Акила Гьякова (Косово) сынды азулы қарсыластарын жеңіп, жартылай финалда тек Адам Стодольскиге (Польша) есе жіберді.

«Бұл жарысқа мен көп дайындалдым, біраз жарыстарға барып тәжірибе жинадым. Бүгін жемісін көріп отырмын. Гранд Слэмдегі алғашқы медалім, әрі қарай осы боймен күміс, алтындарды да аламын деген үміттемін. Менің бұл жарысқа қатысуым белгісіз еді. Жақында өткен Спартакиадада жеңімпаз атанып, бапкерлердің шешімімен Гранд Слэм қатысушыларының тізіміне ендім. Бүгін күрескен қарсыластарымның барлығымен бірінші рет кездесіп тұрмын. Ең қиын белдесу өзбек балуанымен болды. Ол жарыстағы рейтингте бірінші тұр. Оны жеңген соң өз өзіме сенімділігім арта түсті. Финалға шығуыма да болатын еді, өзім қателік жіберіп алдым. Ал қола үшін күресте бапкеріміз Нұрбол Сүлейменов жақсы тактика қойып берді, соның арқасында алғашқы жүлдеме қол жеткіздім», - деп тәмәмдады Асқар Нарқұлов.

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші күнгі нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және екі қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 42 ел ішінде екінші орында тұр.

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің алғашқы күнінде Мағжан Шамшадин (-60кг) чемпион атанып, Ғұсман Қырғызбаев (-66кг) күміс жүлде жеңіп алған болатын.

18 маусымға дейін жалғасатын жарыс елорда төріндегі «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Жансель Дениз және Смайыл Дүйсебай – Азия ойындарының қола жүлдегерлері
  • Жаңалықтар
Мергендер құрама қоржынына екінші және үшінші алтынды салды
Әділбек Мусин – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті
  • Жаңалықтар
Эльмир Алимжанов – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
Нұрлыхан Шархан – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
Эсмигүл Куюлова және Абылайхан Жұбаназар – Азия Ойындарының қола жүлдегерлері
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Абиба Абужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
  • Жаңалықтар
Елена Потапенко қазіргі бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
Қазақстандық делегация Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты
  • Жаңалықтар
Ермек Маржықпаев спортшылар қалашығына барды
  • Жаңалықтар
Марлан Мұқашев пен Демеу Жадыраев қола медаль үшін күреседі
  • Жаңалықтар
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы ХІХ Жазғы ойындарға қатысу үшін Қытайға келді
  • Жаңалықтар
Қазақстандық ескек есушілер ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарының бір апталық жарыс кестесі белгілі болды
  • Жаңалықтар
Ризабек Айтмұхан Әлем Чемпионатының финалына шықты
  • Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
  • Жаңалықтар
Күрес түрлерінен Әлем Чемпионатына қатысатын қазақстандықтар
  • Жаңалықтар
  • Футзал
Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы