Найджел Доус «Барыс» командасымен үш жылдық келесімшартқа қол қойды
Хоккейден астаналық «Барыс» клубының шабуылшысы Найджел Доус командамен 3 жылдық келісімшартқа қол қойған. 30 жастағы канадалық хоккейші «Барыс» сапында 2011 жылдан бастап ойнайды. Осы уақыт аралығында Н.Доус ҚХЛ-да елордалық клуб үшін 217 ойын өткізіп, 172 (94+78) ұпай жинаған. Ал, плей-офф кезеңіндегі 28 матчта ол 23 (14+9) ұпай иеленген.
Еске сала кетейік, 20 маусымда «Барыстың» бұрынғы бапкері Андрей Назаров Санкт-Питербург қаласының «СКА» командасына ауысқан. Ал, «Барысты» енді Ерлан Сағымбаев жаттықтырады.