«Барыс» Президент Кубогында «Металлург» командасын 4:2 есебімен ұтты
Бүгiн Қазақстан Президентi Кубогiнiң алғашқы матчында Астананың жаңа мұз айдынында «Барыс» хоккей клубының ойыншылары новокузнецкiлiк «Металлург» командасын 4:2 есебiмен жеңді.
Ойындағы есептi 9-шы минутта «Металлург» командасының ойыншысы Роман Бердников ашты. Ал, Дастин Бойд үзiлiске дейiн есептi теңестiрiп үлгердi.
Екiншi айналымды Кейд Фэйрчайлд «Металлург» клубын қайта алға шығарды. Алайда Брэндон Боченски есептi тағы датеңестiрдi.
Үшiншi айналымда «Барыс» хоккейшiлерi Найджел Доус пен Талғат Жайлауов екi гол салып, ойындағы қорытынды есептi 4:2-ге жеткiздi.
Осылайша, «Барыс» жаңадан ашылған мұз аренасында алғашқы жеңiсiн тойлады. Ертең «Барыс» ресейлiк «Югра» командасымен күш сынасады.
Айта кетейік, хоккейден Президен Кубогын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.