Қазақстан құрамасы ХІХ Жазғы ойындарға қатысу үшін Қытайға келді

Қазақстан құрамасы ХІХ Жазғы ойындарға қатысу үшін Ханчжоу (ҚХР) қаласына келді.

Спортшылар Қытайға Алматыдан чартерлік рейспен жетті. Азиадаға бірінші аттанғанадрдың арасында: бокс, жүзу, үстел теннисі, оқ ату, су добы (әйелдер), семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7 және гандбол (ерлер) құрамалары бар. Ары қарай жарыстардың өту кестесіне байланысты басқа спорт түрлерінің өкілдері келе бастайды.

Қазақстан құрамасы атынан Азия ойындарында спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысады. Еліміз Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.

Айта кетейік, Ханчжоуда өтетін Азия ойындары 54 спорт кешенінде өтуі тиіс. Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтіп, спорттың 40 түрінен жүлделер сарапқа салынады. 9 спорт түрінен Париж Олимпиадасына лицензия беріледі.

Азия құрлығының басты бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды