Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті

Елордада Республикалық арқан тартыс федерациясы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арқан тартыстан ерлер мен әйелдер арасында іріктеу жарысын өткізді. Аталмыш жарыс ІІ кезеңнен тұрады. І кезеңде аймақтық іріктеу сайыстары өтсе, ІІ кезеңде аймақтық жарыстардың жеңімпаздары финалдық сында бақ сынайды.

Ашылу салтанатында «Арқан тартыс» федерациясының вице-президенті Нұрлан Жабаев спортшыларға:

-Құрметті спортшылар,команда жетекшілері сіздерге барлықтарыңызға қош келдіңіздер деймін. Бұл бірініші іріктеу жарысқа барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Осы сайыста тек мықтылар жеңсін. Ұлттық құрамамыз жасақталып, Алла қалап, көшпенділер ойынында алтыннан алқа тағатын команда құрауды нәсіп етсін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Астана қаласындағы №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өткен алғашқы орталық аймақтық жарысына Астана қаласы, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облысының командалары қатысты. Ерлер арасында бес команда тартысқа түссе. Әйелдерден құралған үш команда жүлдеге таласты.

Нәтижесінде ерлер арасында Ұлытау облысынан келген «Ұлытау арқарлары» командасы жеңіске жетсе, екінші орын елордалық «Барыс-4» командасына бұйырды. Үшінші орын Алматы облысының еншісінде.

Ал әйелдер арасында астаналық «Барыс-3» командасы алтыннан алқа тақса, екінші елордалық ұжым «Қара қабылан» екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Алматы облысының бұрымдылары түйіндеді.

Жарысты ұйымдастырушы «Арқан тартыс» федерациясы жүлделі бірінші орынға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге сыйақы мен бағалы естелік сыйлықтарды табыстады.

Енді арқан тартыс бойынша Солтүстік аймақтық іріктеу кезеңі 17-ақпан күні Көкшетау қаласында өтеді. Солтүстік аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО облыстары қатысады. Одан кейінгі бәсекелер, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік аймақтарда өтеді. Финалдық тартыс 7 наурыз Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық ойынымыз «Арқан тартыс» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ресми: Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев – әлемдегі ең қымбат жас футболшылардың қатарында
Азия кубогында садақ атудан Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді
Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті