QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?

2024 жылдың 28 ақпанында күні Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері өтті. Футбол саласындағы мамандар мен БАҚ өкілдеріне Лиганың жаңа атауы – QFL (QazaqstanFootballLeague), жаңартылған логотип және «Футболмен бірге» ұраны таныстырылды. Ауқымды іс-шара елордамыздағы ҚР Президенттік орталығында ұйымдастырылды.

Заманауи көрнекілік пен лаконикалық үлгідегі логотипте Республикамыздың дәстүрлі рәміздеріміздің бөліктері бар. Мемлекеттік тудың түстері де қамтылған. Мысалы, тәуелсіз Қазақстанның басты символдарының бірі — бүркіт Q әрпімен бейнеленген. Осылайша жаңа логотип лиганың ауызбіршілігін білдіреді.

«Біздің лигамен бірлескен жұмысымыз футбол бизнес индустриясын құруғабағытталған, онда футбол — демеушілер мен инвесторларүшінқызығарлық актив, халық үшін әлеуметтік маңызы бар өнім және халықаралық деңгейде мемлекет үшін мақтаныш болуыкерек. Бүгінгі таңда лига өзінің алдында тұрған міндеттерді орындауға және стратегияның барлық тармақтарын жүзеге асыруға қауқарлы. Бұл  шынайы және қол жеткізуге болатын мақсаттар», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов.

Бренд пен логотиптен басқа Республикамызда футболды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар ұсынылды. Жобалар небәрі 9 айда әзірленді, олардың кейбіреулері елімізд ебұрын-соңды болмаған. Мысалы, Лига кубогы және Әйелдер лигасы сынды жаңа турнирлердің жүзеге асатындығы жарнамаланды. Біріншітурнирге 16 отандық клуб қатысады, олар тек беделді кубок үшін ғана емес, сонымен қатар отандық футбол тарихындағы ең ірі жүлде қорын сарапқа салады. Бұл 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, Әйелдер лигасының ашылуына ерекше назар аударылды, онда еліміздің 5 өңірінен 6 клуб өздерінің қатысатындығын растады.

«Футболмен бірге — бұл біздің ұранымыз, өйткені лига футболды дамытуға бағытталған барлы қміндеттерд іжүзеге асыруда мемлекетпен, демеушілер мен және жанкүйерлердің адал армиясымен тығыз байланысы қажет. Мен Қазақстанда туып-өстім, бұл менің отаным және клубтардың маған және командама біздің лиганы дамыту жөніндегі осындай маңызды миссияны сеніп тапсырғаны мен үшін үлкен құрмет. Біз үшін отандық футбол, біржағынан, заманауи, серпінді дамып, ең үздік еуропалық лигаларының футбол индустриясында ойлап табылған барлық жақсыдүниелерін сіңіріп, сонымен қатар өзіндік бірегейлігін сақтап қалуы өте маңызды. Үш жыл ішінде біз бірқатар жобаларды жүзеге асырып, лигамызды халықаралық деңгейге өсіруімізқажет», - деді Qazaqstan Football League президенті Рафаэль Гарибян.

Соныменқатар, тұсаукесерқонақтарыжаңа QFL сайтыныңіскеқосылуы мен әлеуметтікжелідегілиганыңжаңартылғанбеттерінекуәболды. Іс-шарада жаңамаусымнанбастап, ойындардыңэфирліксапасыайтарлықтайжақсаратынымәлімделді. Тікелейэфирлердіөндіруүшінкәсібибейнекамералар саны ұлғайтылды, жаңаграфикалық пакет енгізілді, арнайы медиа платформа әзірленудежәнежақынарадажаңа Q-Football телеарнасықосылады. Сондай-ақ, кеш соңында барлық қатысушыларға жаңа демеуші «Wildberries» компаниясымен бірлесіп әзірленген QFL ресми добы көрсетілді.

«Qazaqstan Football League-ның даму әлеуеті зор. Біз жаңа брендті ғана емес, сонымен қатар маркетингтік стратегияны да ұсындық. Біздің іс-әрекеттеріміз лиганың барлық өнімдерінің коммерциялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Біздің команданың жұмысы алғашқы нәтижесін беріп те үлгерді. Осы маусымда лигамыз дәстүрлі демеушіміз әрі бұрыннан бергі серіктесіміз «OLIMPBET-тен» бөлек, жаңа «1ХВЕТ» және «Wildberries» демеушілерімен келісім-шарт жасасты. Біз жаңа логотип әлемдік футбол қауымдастығындағы лиганы сәйкестендірудің маңызды символына айналады деп сенеміз, бірақ одан да маңыздысы – ұлттық біріншілік үшін ол қазірдің өзінде QFL брендінің қолдауымен лиганың барлық өнімдерін біріктіретін дүние саналады», - деді Qazaqstan Football League вице-президенті Эдуард Синельников.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап, Qazaqstan Football League брендімен Премьер-Лиганың жаңа маусымы басталады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды
Аида Әбікеева алтын медаль жеңіп алды
Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды
Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды
Милад Карими Әлем Кубогында күміс медальға ие болды
«Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық боксшылар топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Әзірбайжанда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының чемпионы атанды
Үш қазақстандық боксшы WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді
Теннистен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі
2030 жылғы әлем чемпионатында 64 құрама ойнауы мүмкін
Шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дзюдодан Гран-приге Қазақстаннан кімдер барады?
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Ресми: ММА 2026 жылы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтетін ХХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Шахмат: Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа кубогында топ жарды
Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды