Астаналық «Барыс» кезекті кездесуін сырт айдында Ресейдің «ЦСКА» командасынан ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасы аясында Мәскеуде өткен тартысты бәсекеде жерлестеріміз турнир кестесінде топ бастап тұрған «ЦСКА» ұжымына 4-3 есебімен жол берді.
Ойында алғашқы болып есепті «Барыс» сапындағы Найджел Доус ашты. Алма-кезек шабуылмен өрбіген кездесудің негізі уақыты тең есеппен аяқталды.
Ал, овертаймда қонақтар командасы мықты болып, Александр Радулов жеңісті голдың авторы атанды.Осылайша 16 ойыннан кейін жерлестеріміз 19 ұпайға ие болды.