«Барыс» хоккей клубы сырт айдындағы «Слован» командасынан ұтылып қалды
Қақпашы Алексей Иванов снарядты бір рет қасынан қалт жіберсе, оны алмастырған Ян Лацо 3 соққыға тосқауыл қоюға қауқарсыз болды.
Ал, ақырғы шайба бос қақпаға тоғытылды. Астаналық клубтың сапынан – Доус, Боченски және Бойд Братиславада дәлдік танытқан. Бұл жеңілістен кейін «Барыс» 29 ұпаймен 24-орынға қайта төмендеді.
Енді ертең жерлестер Загреб қаласында жергілікті «Медвешчак» клубымен шеберлік байқаспақ. Әзірге, қос қарсыластың жеке кездесулер көрсеткіші тең, 2:2!