Швейцария 1/8 финалда, Венгрия плей-оффтан үмітті
Футболдан Германияда өтіп жатқан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының оныншы жарыс күні артта қалып, «А» тобында 3-тур ойындары аяқталды.
Топтық кезеңнің шешуші турында Швейцария мен Германия құрамалары кездесіп, командалар тең тарқасты - 1:1. Осылайша, қоржынында 7 ұпайы бар Германия топтан бірінші орынмен 1/8 финалға шықты. Ал Швейцария болса, 5 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Осы жарыс күніндегі тағы бір ойын Шотландия мен Венгрия құрамалары арасында өтті. Кездесудің 90+10' минутында Кевин Чобот гол соғып, Венгрия жеңіске жетті. Осылайша, Марко Росси бастаған команда тпота үшінші орынға табан тіреп, плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал Шотландия құрамасы үшін 2024 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00
ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына шықты
07.05.2026, 09:25
Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
06.05.2026, 14:46
«Бавария» – «ПСЖ»: Tікелей эфир!
06.05.2026, 13:00
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
06.05.2026, 11:00
«Арсенал» финалға шықты
06.05.2026, 09:00
Әсем Орынбай стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
05.05.2026, 17:15
Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Польша кездеседі
05.05.2026, 17:00