Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды
Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады — 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.
Дегенмен, Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (10:8).
Осылайша, Юлия алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.
Енді Путинцева Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогы өтті
15.12.2025, 11:30
Жылдың үздіктері марапатталды
15.12.2025, 10:05
Сабыржан Аққалыков бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
13.12.2025, 21:05
Абылайхан Жүсіпов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
13.12.2025, 20:45
Оразбек Асылқұлов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
13.12.2025, 19:30
Сакен Бибосынов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
13.12.2025, 19:05
Надежда Морозова Хамардағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
13.12.2025, 10:45
Астанада Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңі өтеді
12.12.2025, 18:15