Италия 1/8 финалда, Испания жүз пайыздық нәтиже тіркеді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты «В» тобындағы шешуші тур ойындары аяқталды. Оның нәтижесінде Италия 1/8 финалға жолдама алса, Испания топта жүз пайыздық нәтиже тіркеді.

Италия мен Хорватия командалары арасындағы ойын есебін екінші таймда Лука Модрич ашты. Ал кездесудің 90+8' минутында Маттиа Дзакканьи таразы басын теңестірді. Осылайша, Италия топтық кезең қорытындысында 4 ұпаймен екінші орынға табан тіреп, плей-оффқа шықты. 

Ал Албания - Испания ойынының 13-минутында Ферран Торре есеп ашып, таблодағы осы көрсеткіш матч соңына дейін өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, Испания топтық кезеңде өз қақпасына бірде-бір гол жібермей, 1/8 финалға шықты. Соңғы рет Испания құрамасы осыдан 16 жыл бұрын, яғни 2008 жылғы Еуропа чемпионатында жүз пайыздық нәтижемен плей-оффқа шыққанын айта кету керек. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды