EURO-2024: С және D топтарында 3-тур ойындары аяқталды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының С және D топтарында топтық кезең аяқталды. 

Ала доп бәсекесінің он екінші жарыс күнінде Нидерланд - Австрия, Франция - Польша, Дания - Сербия, Англия - Словения командалары арасында ойындар өтті. 

Берлинде өткен Нидерланд пен Австрия құрамалары арасындағы матч 2:3 есебімен Ральф Рангник бастаған команда пайдасына шешілді. Осы кездесумен бір уақытта өтіен Франция мен Польша құрамалары арасындағы ойында командалар тең тарқасты - 1:1. Екі гол пенальтиден соғылғанын айта кету керек. Килиан Мбаппе кездесудің 56-минутында, ал Роберт Левандовский 79-минутта пенальти соққысын орындап, нәтижелі соққының авторы атанды. Айта кетейік, бұл Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе мансабында алғаш рет Еуропа чемпионатында гол соқты. 

Осылайша, Австрия құрамасы 6 ұпаймен топтан бірінші орынмен Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шықты. D тобында екінші орынға Франция (5 ұпай), ал үздік үштікті Нидерданд командасы (4 ұпай) түйіндеп, плей-оффқа жолдама алды. 

Англия мен Словения, Дания мен Сербия командалары арасындағы ойындар 0:0 есебімен тең аяқталды. Сонымен,Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққан тағы үш команда белгілі болды. Гарет саутгейт жаттықтыратын команда топтан бірінші орынмен плей-оффқа шықса, бұл қатарды Дания мен Словения толықтырды. Тағы бір айта кетерлігі, Словения алғаш рет Еруопа чемпионатының 1/8 финалына шығып отыр. 

Кезекті жарыс күнінің қорытындысында Германия мен Дания құрамаларының Еуропа чемпионаты 1/8 финалында кездесетіні белгілі болды. Бұған дейін 1/8 финалдың бір жұбы белгілі болып, Швейцария мен Италия құрамаларының қарсыласы болатыны анықталған еді. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды
Әлемнің спортшы студенттерін біріктіретін Дүниежүзілік XXХII Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы