Евгений Федоров пен Алексей Луценко Париж Олимпиадасына қатысады

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар есімін жариялады. Франция астанасында еліміздің намысын екі шабандоз қорғайды. Олар – Евгений Федоров пен Алексей Луценко.

Қазақстан командасындаүш лицензия бар. Үшеуі де жекелеген спортшыларға емес, командаға берілді. Париж ойындарына квота 2023 жылғы маусымдағы құрама нәтижесіне қарай бөлінді. UCI әлемдік рейтингі бойынша Қазақстан командасы 3660.24 ұпаймен 19-орыннан көрінген. Бір квота жекелей жарысқа, екі квота топтық жарысқа беріліп отыр.

Қазақстан командасының үздігі Алексей Луценко үшін бұл екінші Олимпиада болмақ. Ол Токиодағы жазғы ойындарға қатысып, топтық сында 21, жекелей сында 32-орыннан көрінді. Ал Рио Олимпиадасы қарсаңында жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан еді. Луценко Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2017 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы. «Вуэльта» және «Тур де Франс» көпкүндіктерінің бір кезеңінде жеңіске жеткен. Алексейдің үлкен спорттағы жеңісті кезеңі 2012 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтынынан басталған болатын.

Евгений Федоров үшін бұл алғашқы Олимпиада. Осыған ол 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған. Одан бөлек, Федоровтың еншісінде 2023 жылғы Азия ойындарының алтыны бар. Сондай-ақ, Евгений Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері жазғы Олимпиадада велоспорттан екі медаль жеңіп алған. Оның екеуі де Александр Винокуровқа тиесілі. Даңқты велоспортшы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында күміс, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын.

27 шілде күні велоспортшылар жекелей сында Париж Олимпиадасының жеңімпазын анықтайды. Ал ерлер арасындағы топтық жарыс 3 тамызға жоспарланған.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Александр Бублик жартылай финалға шықты ⠀
Ресми: Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев – әлемдегі ең қымбат жас футболшылардың қатарында
Азия кубогында садақ атудан Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді
Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды