Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасады
Әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Ұлыбританияда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, басты сенсацияның авторы атанды.
2 сағатқа созылған тартысты ойын 3:6, 6:1, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталып, Юлия жарыстың төртінші айналымына шықты (1/8 финал). Ойын барысында Юлия 8 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Путинцеваның келесі қарсыласы латвиялық Елена Остапенко. Қос теннисші арасындағы ойын 8 шілдеге жоспарланған.
Сонымен өатар Елена Рыбакина да 1/8 финалға жолдама алды. Отандасымыз үшінші айналымда даниялық Каролин Вознцкиді 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, ширек финалдың жолдамасын Анна Калинскаямен сарапқа салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
07.08.2026, 18:00
Phygital Shooter CS2: Жартылай финалға шыққан командалар анықталды
07.08.2026, 15:00
Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды
07.08.2026, 14:00
Родри «Барселона» сапына ауысуға жақын
07.08.2026, 11:00
«Тобыл» сырт алаңда жеңіліске ұшырады
07.08.2026, 09:40
MOBA PC Dota 2: PlayTime командасы чемпион атанды
06.08.2026, 16:35
Анна Черкашина Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты
06.08.2026, 16:35
Мейірім Нұрсұлтанов WBC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады
06.08.2026, 12:20