Елена Рыбакина Үлкен Дулыға турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл Еленаның Уимблдондағы екінші жартылай финалы. Осыған дейін Рыбакина 2022 жылы жарыс жеңімпазы атнған.
Елена 1 сағат 02 минутқа созылған ойында украиналық Элина Свитолинаны (#21) 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Ойын барысында Елена жеті эйс жасап, бір қос қателік жіберді. Сондай-ақ, мүмкін болған алты брейк пойнттың төртеуән пайдаланды.
Қазақстандық теннисші финалдың жолдамасын чехиялық Барбора Крейчиковамен (#31) сарапқа салады.
Екінші жартылай финалда хорватиялық Донна Векич (#37) пен италиялық Ясмин Паолини (#7) кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мохамед Салах «Интерге» қарсы матчқа қатыспайды
08.12.2025, 18:00
Футболдан Әлем чемпионатының финалы АҚШ-тың «Метлайф» стадионында өтеді
08.12.2025, 15:36
Ландо Норрис алғаш рет «Формула-1» чемпионы атанды
08.12.2025, 12:00
Абылайхан Жүсіпов Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
08.12.2025, 10:30
Ертуған Зейнулинов Әлем чемпионатын сәтті бастады
08.12.2025, 01:10
Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге шықты
07.12.2025, 22:50
Лионель Месси мансабындағы 48-ші трофейін жеңіп алды
07.12.2025, 14:30
Бокс: Сәкен Бибосынов 1/8 финалға шықты
06.12.2025, 23:10