Парижде 2024 Жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының ресми бөлігі ерекше форматта ұйымдастырылмақ. Алғаш рет спортшылар шеруі стадион сыртында, Сена өзенінде өтуде.

Спортшылар мінген қайық алты шақырымды жүзіп өтеді. Бұл сапар «Париж тарихы мен архитектурасына визуалды саяхат» деп аталады. Аустрелиц көпірінен шыққан делегациялар Сена өзенімен батысқа қарай бет алып, Эйфель мұнарасы маңындағы Трокадеро алаңында аяқталады.

Спортшылар шеруін айнымас дәстүр бойынша Грекия бастады. Түрлі мемлекеттер шеруі түрлі концерттік номерлермен көмкерілген.

Ашылу салтанатын француздық театр режиссері әрі актер Тома Жолли дайындаған. Қойылым сценариі соңына дейін құпия ұсталды және үш мың артист жұмылдырылған.

Әлемдік жұлдыздар қатарынан Селин Дион мен Леди Гага өнер көрсетеді. Әзірге, Олимпиада алауын кімнің жағатыны құпия ұсталып отыр.

Олимпиада ойындарында Қазақстан туын көтеру құрметі боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға сеніп тапсырылды. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдо:Әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі белгілі болды
Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қош айтысты
Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер