Канада елшілігі хоккейден достастық матчының бас жүлдесіне құндыз тон тікті
7 наурызда Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Канаданың Қазақстандағы елшілігі ҚР Шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен канадалық хоккей кешін өтеді.
Шараның мақсаты - Қазақстан мен Канада хоккей командаларындағы танымал есімдердің қатысуымен «Канада-Қазақстан» кубогы үшін матч ұйымдастыру. Бұл дәстүр екі ел арасында 2012 жылы бастау алған. Бүгінге дейін жалғасып келе жатқан шара екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, достастық матч арқылы хоккейге деген қызығушылықты арттыра түспек.
Шара барысында қайрымдылық лотереясы ойнатылады. Бас жүлдеге әлемдегі ең ежелгі тері тасымалдаушылар компаниялардың бірі дайындаған құны 5 мың 500 АҚШ доллары тұратын канадалық құндыздың терісінен тігілген тон тігіледі.
Екінші жүлдеге «Bauer» спорттық компаниясының хоккейге қажетті сауыт-саймандары қойылады. Үшінші орынды жеңіп алған команда канадалық сән үлгісімен тоқылған кеудешеге ие болады. Лотерея ойынынан түскен қаржының барлығы Қазақстандағы әуесқой хоккей ойынын дамытуға жұмсалады.
Басталуы сағат 18:00-де. Келем деушілердің барлығын есік ашық.