Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – асық ату

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық ату спортынан Қазақстан құрамасы жасақталды.

Жомарт Сабыржанов - Асық ату спортынан Қазақстан құрамасының бас бапкерінің пікірі бойынша Асық ату, бес асық және ордо бойынша ұлттық құрама жасақталды. Ақпан айынан бастап көшпенділер ойындарына дайындық жүргізудеміз Қазіргі таңда ұлттық құрама Щучинск қаласында орналасқан Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында жыл басынан бергі 4-ші оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұған дейін Алматы қаласында, Түркістан облысында және Қырғызстанда оқу-жаттығу жиындары өткен. Қорытынды жиын көшпенділер ойындарының алдында Астана қаласында жалғасады.

Асық ату спорты соңғы жылдары қарқынмен дамып жатыр. Оған дәлел еліміздің 19 республикалық маңызы бар қалалары мен облыстарында федерация жұмыс жасауы, және командалар жасақталуын ерекше атап өтуге болады. 2023-24 оқу жылының ІІ тоқсанында орта мектептер арасында «Алтын сақа» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылып, бір мезетте 2 миллионнан астам оқушы асық ойнады.

Көшпенділер ойындарында біздің құрамаға ең негізгі бәсекелес Қырғызстан құрамасы. Себебі, ордо қырғыздың ұлттық ойыны. Әлемде ордодан қырғыздарға қарсылас жоқ. Асық ату да қырғыздарға таңсық емес.

2022 жылдың аяғында асық атудан өткен тұңғыш Азия чемпионатында біздің ұлттық құрама қырғыз спортшыларынан басым түскен еді.

Астана қаласының ең үздік спорт алаңдарында 21 жарыстық спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құсбегіліктің ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар, халық ойындары. Ойындарда 97 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі