Ұлттық құраманың еншісінде 25 медаль, оның 14-і – алтын

Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнін 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен аяқтады. Қазақ күресінен қатысқан 8 спортшының барлығы алтын медаль алды. Ал жамбы атудан үш орынды да ұлттық құрама спортшылары иеленді.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі.

Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды. 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек, 80 келіде Дарын Өткелбай жеңімпаз атанды.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер әрқайсы төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 52 келіде Назерке Азаматова, 56 келіде Рауза Нұрмахамбетова, 60 келіде Бақыт Құсақбаева алтын медаль алды. Ал ерлер арасында 55 келіде Бекжан Төлепов, 60 келіде Мейіржан Берекетов, 66 келіде Дидар Тұқышев, 74 келіде Жұмажан Қожамбеков алтын медальға ие болды.

«Алау» мұз айдыны сарайында кураштан, мас-рестлингтен және асық атудан бәсеке өтті. Кураштан қазақстандық 6 спортшы жүлдеге ие болды. 87 келі салмақта Альбина Бахиева алтын жүлде алса, 79 келі салмақта Ажар Салықова мен +100 келіде Марат Байкамуров күміс жүлдені еншіледі. 81 келі салмақта Ерзат Арғынов, 81 келі салмақта Бекәділ Шаймерденов пен 87 келі салмақта Ұлболсын Адилова қола жүлде алды.

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленді.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпардан іріктеу кезеңінде Қазақстан Өзбекстанды 16-0 есебімен жеңді. Ал көкбөріден ұлттық құрама спортшылары АҚШ командасымен кездесіп, 18-0 есебімен айқын басым түсті.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Кирилл Бауэр Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды