Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін табысты аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде 85 медаль, оның 33і алтын. Бүгін 6 алтын, 7 күміс, 3 қола алды. 

 Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал көк бөрүден Қазақстан командасы Қырғызстан құрамасына 4:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде алды.

 Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков – бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде алды.

 Этноауылда құсбегіліктен іріктеу және жартылай финалдық сын өтті. Ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.

 «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан жарыс өз мәресіне жетті. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Аустралиядан келген садақшылардан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Садақшылар Көшпенділер ойындарын бір алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен аяқтады.

 Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.

 «Алау» мұз сарайында түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Қазақстандық үш бірдей спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар Ернұр Сүлеймен (60 келі), Әділет Ахметғали (70 келі), Айдос Ғалымов (90 келі).

 «Алау» мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Ақтық бәсеке 13 қыркүйек күні өтеді.

 «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден өткен жарыста Әсел Далиева алтын жүлде алса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде иеленді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды
Әлемнің спортшы студенттерін біріктіретін Дүниежүзілік XXХII Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы
Универсиада: Қазақстан алғашқы ойында жеңіске жетті
Теннис: Сандуғаш Кенжебаева ITF W15 сериясындағы жұптық бәсекеде жеңімпаз атанды