«Алматы-2005» балалар хоккей клубы V «EuroChem Cup – 2016» халықаралық турниріне қатысады
Жарыс Ресейдің Новомосковье қаласында 25-28 мамыр аралығында өтеді.
Биылғы «ЕвроХим» компаниясының кубогын әлемнің 7 елінен келген 12 клуб сарапқа салады. «Еврохим-Каратау» компаниясының бас директоры Дмитрий Валышев алматылық жас спортшыларға ақжол тілеп, жастарға арнайы тігілген кәсіби форма сыйлады.
Команда бапкері Антон Фатыховтың айтуынша, балалар халықаралық жарысқа бірінші рет қатыспақ.
«Біз қарсыластарымыздың ойынын білмейміз. Бірақ, олар үшін де біздің команданың ойыны тосын сый болады. Алғашқы үштікке кіру - басты мақсатымыз», - деді бапкер.
inform.kz