Жолдаудың дер кезінде айтылғаны бізді қуантады - Диас Досқараев
Диас Досқараев, ҚР Теннис федерациясының атқарушы директоры:
Біз Елбасымыздың Жолдауымен танысып шықтық. Әрине тапсырма өте көп. Біздің Елбасымыз спортқа, спорт саласына көп көңіл бөлуде. Бүкіл спортты дамытуда біздің нәтижеміз өте жоғары деп ойлаймын.
Сондықтан ол біз үшін үлкен қуаныш. Бірақ, алдағы 5-10 жылдыққа үлкен мақсаттар қойылуда. Біз әр өңірден теннис орталықтарын ашып отырмыз.
Бүгінгі күнге еліміздің 12 аймағында теннис орталықтары бар. Сондықтан да үлкен қалалар мен өңірлік жерлерде кішкентай балаларды тенниске тартуды мақсат еткенбіз.
Болашақ чемпиондарды тәрбиелеуді, оқытып, үйретуді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Біздің Елбасымыз теннисті жақсы көреді. Тенниске ерекше көңіл бөледі. Тапсырма бойынша әрине үлкен жарыстар өткізетін боламыз. Үздік шеберлік сабақтарына Рафаэль Надаль сынды қонақтарды да шақырамыз.
Сол себепті Жолдаудың дер кезінде айтылғаны бізді қуантады. Келер жылға құрама команда алдына үлкен мақсаттарды қоямыз.