Қазақстандық жеңіл атлет Францияда жеңімпаз атанды
Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан «LE LION» жартылай марафонында жеңіске жетті.
Ол белгіленген қашықтықты 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.
Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі - 01:09:58.
Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).