Хоккейші Дамир Рыспаев: «Барысқа» қайта оралам

Астананың «Барыс» хоккей клубының бұрынғы қорғаушысы Дамир Рысбаевпен ойда жоқта кездесіп қалдық. Қазақстанның жастар құрама командасының ойыншысын Есіл өзенінің сол жағалауында орын тепкен еңселі ғимараттардың бірінде әңгімеге тарттық, деп жазады «Егемен Қазақстан».

– Дамир, өзіңді сырттай жақсы білеміз. Хоккей матч­тарында сұсты көрінгенмен, жылы жүзді, сыпайы, қазақтың кәдімгі сары баласы екенсің.

– Рахмет, ағасы.

– Өзіңді жақсы білемін деп жат­­қаным, ойындарыңнан ға­на емес, мұз айдынындағы тө­бе­лес­теріңді де айтып отырмын.

– Оны мен де сезіп отырмын.

 – Қазір қайдасың?

– Астанада «Барыстың» «Но­мад» деген фарм-клубы бар. Сонд­а ойнап жүрмін.

– Онда барғаныңа қанша болды?

– Біраз уақыт болды. «Барыс­тан» кеткен соң сонда бардым. Қазір бәрі жақсы. Ел қатарлы ойнап жүрмін.

– «Ел қатарлы» дегенді қа­лай түсінеміз?

– «Барыстың» сапында соңғы 3 жылда шайба салған емеспін. Ал «Номадта» 19 матч ойнап, бірнеше шайба соқ­­тым.

– «Барыс» туралы тағы сұ­­райын. Сол командада жүр­ге­ніңде төбелес саған не үшін керек болды?

– Не үшін дегенде, егер қарсы­ластарымыз дөрекі ойнап жатса, оған шынын айтайын, шыдамым жетпейді. Кейде біздің ойыншылар жарақат алып қалады. Сол кезде бір орында тұра алмайсың.

– Арқам бар дейсің ғой. Он­дай болады. Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» пен «Куньлунь Ред Стар» коман­да­ларының ойынында жалғыз өзің біраз жігіттің «сазайын бер­геніңді» көрдік. Ол неден бас­талды?

– Қытайлықтар біздің ойыншыларды жарақаттады, дөрекі ойнады. Соған шыдай алмадым.

– Әлгі атойлап ұрыс сал­ға­ныңды Youtube-та мил­лион­даған адам көреді екен. Айдын­ға сол үшін де шығасың ба? Шы­­­ныңды айтшы.

– Қазақстанның жастар құра­масы сапында шет елге шықсам, мені жаттықтырушылар ойынға көп жібермейді. Әрине, мен ол үшін ешкімге ренжімеймін. Олар команданың жағдайын ойлайды. Бірақ мен жаттықтырушылардың тапсырмаларын орындап жүремін. Еш жерде қателескім келмейді. Алайда, біздің жігіттерді біреулер арандатып жатса, оларға қарсы дөрекі ойнаса, қарсыласты орнына қоюға тура келеді.

– Хоккейде жаға ұстасқан жөн емес деп ешкім айтпайды. Оны нағыз ерлердің ойы­ны дей­ді. Мысалы, Ұлттық хок­­кей лигасында ойыншылар қырқы­сып жатады. Бірақ олар­ға қатаң жаза қолданыла бер­мейді. Ал Құр­лықтық хоккей лигасында жағдай басқаша сияқ­ты…

– Иә, дұрыс айтасыз. Хоккей – ерлердің ойыны. Бірақ қазір ол нәзік ойынға айналып барады. Сол жағы өкінішті. Менің «Барыстан» кетуіме «Куньлунь Ред Стар» командасымен кезде­судегі төбелестің кесірі тиді. ҚХЛ-дың тәртіптік комиссиясы «Рысбаев лигадан аластатылсын» деген шешім шығарыпты.

– Енді «Барысқа» қайтып келу ойда бар ма?

– Әрине, бар. Құдай қаласа, «Барысқа» қайта оралуға тиіспін.

egemen.kz

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды