Әуе апатынан спорт комментаторының әйелі мен қызы қаза тапты
Қазан әуежайындағы «Боинг» апатынан «Ресей 2» телеарнасының спорт комментаторы Роман Скворцовтың әйелі Эллина Скворцова мен 11 жасар қызы Дарья Арташина қаза тапты. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлайды.
Роман мен Эллине Скворцовтар 2012 жылы некеге отырған. Комментатордың жұбайы бұған дейін қазандық «Ақ Барс» хоккей клубында маркетинг бөлімінде жұмыс жасаған.
«Татарстан» әуе компаниясының «Боинг 737» жолаушылар ұшағы жексенбі күні Қазан әуежайында 19:26-де апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 44 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.