Биатлон. Әлем Кубогының бірінші кезеңі басталды
Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем Кубогының бірінші кезеңі басталды.
Қазақстандық спортшылар арасынан ең үздік нәтижені Александр Трифонов көрсетті. Ол 20 шақырымдық қашықтықта 42-ші орынға табан тіреді. Ян Савицкий мәре сызығын 75-ші боп қиса, Диас Кенешев 102-ші орынмен шектелді. Ал жеңімпазға жасалатын қошеметке француз Мартен Фуркад ие болды.
Тұғырдың қалған екі сатысына австриялық спортшылар Симон Эдер мен Даниэль Месотич көтерілді.