Конькимен жүгіру. Қоржынымызда Олимпиаданың 11 жолдамасы
Қазақстанның коньку тебу шеберлері Олимпиадаға жолдама беретін 11 лицензия ұтып алды деп хабарлады құрама бас бапкері Вадим Саютин.
Қазақстан құрамасы Калгари мен Солт-Лейк-Сити қалаларында өткен Әлемдік кубок кезеңдерінен жүлделі оралды.
Сапар қорытындысы бойынша Сочиге баратын спортшыларымыздың негізгі құрамы 90 пайызға жасақталды.
Бас бапкер құрама сапынан Денис Кузин көрсеткен нәтижелерге ерекше тоқталды. «Ол өзінің 1000 метрлік қашықтығында Әлем кубогында төртінші және сегізінші орында тұрақтап жақсы өнер көрсетті», деді Вадим Саютин. Тағы да 5 спортшымыз халықаралық талаптарды орындап Олимпиадаға баратындар тізіміне ілікті.
Спринтерші Роман Креч жарыс басталар тұста жарақат алып, турнирден шет қалды.
Астанада өтетін Әлем кубогының кезеңінде құрама бапкері 10000 метр қашықтықта Дмитрий Бабенкоға сенім арып отырғанын айтты.
Әзірге Қазақстан құрамасының ерлер командасы – 8 лицензия, ал қыздар – 3 лицензия ұтып алды.
2014 жылдың қаңтар айының басында құрама команданың толық тізімі жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлем кубогының Қазақстандағы кезеңі
29 қарашада Астана қаласының «Алау» мұз айдыны кешенінде басталады.