Мәнерлеп сырғанау. Денис Тен жеңіс тұғырына көтерілді
Италияда «Merano Cup» халықаралық турнирі аяқталды. Байрақты бәсекеде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 1-орынды иеленді.
231.12 ұпай жинаған Денис Қытайда Гран-при кезеңінің нәтижесін 7 ұпайға көбейтті. Екінші орыннан Жапония өкілі - Дайсуке Мураками көрінді. Үшінші орын италиялық Паоло Баччиниге бұйырды.
Бұл жеңіс Дениске Халықаралық мәнерлеп сырғанаушылар одағының рейтингісі бойынша 250 ұпай әкелді. Қазіргі уақытта қазақстандық ISU рейтингісінде бесінші орынға ие болды.
«Merano Cup» турнирі дәстүрлі түрде Италияның Мерано қаласында 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазір спортшы Австрияда 20-23 қараша аралығында өтетін «IceChallenge» турниріне дайындалуда.