Бұқаралық спорт дамиды
Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Еліміздің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша бүгінде халықты спорт залдармен қамтамасыз ету мәселесі ашық тұр. Республика бойынша жалпы қажеттілік 1 миллионнан астам шаршы метрді құрайды. Осы мәселенің басын ашу мақсатында 2014-ші жылға арналған бюджеттің жобасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд теңге көзделген.
Аталған кешендер 70 пайызы республикалық бюджеттен, ал 30 пайызы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады.