Дзюдо. Үздіктер Ташкентке жиналады
Ертең Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл сынға қазақ елінің қосалқы құрамдағы палуандары қатысады. Дегенмен де бапкерлер ұлттық құрама сапына жақында Алматыдағы Гран-при бәсекесінде бақ сынағандарды да қосыпты. Ел намысын әр салмақта екі палуаннан қорғайды. Ерлер қүрамасы: Еркебұлан Қосаев, Серіктай Зәкетаев, Бақдәулет Сәбитов, Ілияс Ізмагилов, Дастан Ықыбаев, Жәнібек Назаров, Азамат Қыпшақбаев, Батыр Мұқатаев, Константин Рогозин, Айбол Айтбек, Адам Богатырев, Дархан Темірханов, Айтуар Абдулов и Сәулет Әбдісалықов. Ал әйелдер құрамасы сапында Александра Подрядова, Алтынай Балтина, Олеся Куценко, Мархабат Қуатбекова, Мариан Ордабаева, Зәмзәгүл Файзолланова, Динара Кударова, Альбина Амангелдиева, Анар Сейтімова мен Гүлжан Исановалар ел намысын қорғайды.