Дзюдо. Ержан Шынкеев - әлемдік Гран-придің күміс жүлдесін иеленді
Алматыда дзюдодан 28 қыркүйекте басталған әлемдік Гран-при бәсекесі бүгін аяқталды. Дүбірлі доданың боз кілеміне соңғы болып аса ауыр салмақтағы палуандар шықты. 100 келіден жоғары салмақта финалда қазақ палуаны Ержан Шынкеев Беларусь дзюдошысы Александр Ваховякпен белдесті. Бұл сында Беларусь спортшысының бағы жанды. Ержан Шынкеев күміс жүлдені қанағат тұтты. Сонымен, Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдені иеленіп, жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.