Дзюдо. Елдос Сметов - әлемдік Гран-придің алтын медаль иегері
Алматыда өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при бәсекесінде қазақстандық Елдос Сметов 60 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Ол финалда жерлесі Айбек Имашевпен күресіп, айласын асырды. «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында бүгін және ертең әлемнің 19 елінен 200-ден астам палуан татамиге шығады. Қазақстан атынан жасөспірімдер арасындағы 2010 жылғы әлем чемпионы – Елдос Сметовтен басқа, 2011, 2013 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері – Ислам Бозбаев, 2011 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері – Ержан Шынкеев, «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы – Айбек Нұғымаров, 2009 жылғы Әлем чемпионы – Максим Раков, 2009 жылғы Әлем чемпионы – Гүлжан Исанова, 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері – Ленария Мингазова және тағы басқа мықты дзюдошылар қатысуда. Еске сала кетейік, жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.