Ережесіз жекпе-жек. Қазақстандық спортшы Үндістанда жеңімпаз атанды
Қазақстандық «Alash Pride» күрес клубының өкілі Қуат Хамитов үнділік Super Fight League турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz. Оның қарсыласы - ауғанстандық Баз Мұхаммад болды. «Alash Pride» клубының бас жаттықтырушысы Асхат Ерболатовтың айтуынша, клубтың жеті жігіті аралас жекпе-жектен үндістандық лигамен келісімшартқа отырған. Олар бір жыл бойы тек Super Fight League лигасы аясындағы жарыстарға қатысады. Алайда, жанкүйерлер арасында «Найман» атанған спортшының келесі қарсыласы әзірге анықталған жоқ.