Гольф. «Kazakhstan Open-2013» чемпионаты аяқталды
9-шы «Kazakhstan Open-2013» халықаралық гольф турнирінің жеңімпазы анықталды. Турнирдің чемпионы атағы 27 жасар швед спортшысы Йохан Карлсонға бұйырды. Сайысқа 44 елден 150 спортшы қатысты. Жеңімпаз 64 мың евро қаржылай сыйлыққа ие болды. Турнирді 150-ге жуық спортшы бастаған болатын. Бірінші және екінші күн қорытындысы бойынша ақтық сынға олардың 5 тен бірі ғана өтті. Швед Йохан Карлсон үздіктердің ішінен топ жарып шықты. Оның көрсеткіші - 270 те 18 шегерілім. Яғни, берілген 270 соққының, 18-ін үнемдеп қалды. Екінші орын ағылшын Тайрол Хаттонның еншісінде. Ал үшінші орын испандық Адриан Отаегиға бұйырды. Йохан Карлсон «Kazakhstan Open-2013» жеңімпазы: «Бұл менің спорттағы ең үздік жетістігім. Биылғы маусымдағы ең қызықты ойыным болды. Қуанышымда шек жоқ. Келесі жылы өтетін 10 турнирге міндетті түрде қатысуқа тырысамын». Келесі жылы Алматыда 10-шы рет өтетін аталмыш турнирді қала күні мерекесіне орайластырып өткізу жоспарда бар. 2016 жылы спорттың гольф түрі Олимпиада ойындарының қатарына кіретінін ескерсек, бұл керек шара дейді ұйымдастырушылар.
«Европалық Челендж-Тур» директоры Алан Де Солтре қазақстандық турнирдің деңгейіне жоғары баға беріп, келешекте гольф көрермендері мен ойыншылар көп болса деген тілегін жеткізді