Су спорты. Әлем чемпионаты өтуде
Барселонада су спорты түрлері бойынша Әлем чемпионаты жалауын желбіретті.
Жарыстың алғашқы күні әлемдік бәсекенің қатысушылары синхронды жүзу спортының техникалық бағдарламасының жеңімпазын анықтады. Іріктеу бәсекесіне 30-дан астам спортшы қатысса, финалдық кезеңге оның 16-сы суырылып шықты. Жалпы есепте 96-дан жоғары ұпай жинаған үш дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 11 дүркін Әлем чемпионы ресейлік Светлана Ромашина алтыннан алқа тақса, Екінші орынға аспан асты елінің шебері Олимпиада ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері Хуан Сюэчень тұрақтады. Жүлделі үшінші орын жарыс қожайы Она Карбонель Бальестероға бұйырды. Айта кету керек испандық спортшы Лондон Олимпидасында жұптық бәсекеде екінші болса, топтық жаттығуда қола медальді иеленген. Бастапқы кезде су спорты түрлерінен Әлем чемпионаты Дубайда өтеді деп жарияланған болатын. Бірақ экономикалық жағдайға байланысты Біріккен Араб Әмірлігі деңгейі жоғары жарысты өткізуден бас тартты. Осыдан кейін дүбірлі бәсеке Барселонада өтеді деп шешім қабылданды.