Қазақ жігіттері Әлем чемпионатынан жеті алтынмен оралды
Аргентинаның Посадос қаласында 12-17 қарашада джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 500-ден астам саңлақ қатысты.
Джи-джитсу сөзі қарсыласқа мойынұсына отырып, жеңіске ұмтылу дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі қорғаудың әмбебап өнері.
Шығыс жекпе-жегінің басты ерекшелігі – қарсыластарына психологиялық тұрғыдан шабуыл жасап, ұрыс тәсілін ұтымды пайдалану.
Қазақстандағы джи-джитсу спортының негізін қалаушылардың бірі Саян Ержанның айтуынша, спортшылар қыс айларына қарамай дайындықты жүргізеді. Әсіресе, жаттығуды таза ауада өткізген жөн.