Қазақстанда 33 спортшы спорттың 7 түрінен Олимпиада ойындарына қатысады
«Бүгінгі таңда 33 спортшы спорттың 7 түрінен Олимпиада ойындарына қатысу құқына ие болды. Алайда, олар Олимпиадаға дейін Әлем Кубогының барлық шараларына қатысулары тиіс», - Спорт және туризм агенттігінің төрағасы деді Т. Есентаев.
Жалпы, лицензияның аяқталуына дейін Қазақстан спорттың 10 түрі бойынша 40 лицензияны ұтып алуды жоспарлауда.
«Олимпиадалық құраманың толығуы келер жылдың қаңтарына дейін жалғасады. Ол спортшының физикалық дайындығына байланысты болады», - деді Агенттік төрағасы.
«Қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшылар алдына Ванкувердегі Олимпиада ойындарының көрсеткішін жақсарту мақсаты қойылған. Олар үшін кем дегенде 2 медальға қол жеткізу талабы қойылды. Жоспарлы көрсеткіштер бойынша жалпыкоманда бойынша 20-23 орынға бақ таластыру қарастырылып отыр»,- деді ол.
strategy2050.kz