Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді
Оңтүстік Кореяда World Taekwondo Diamond Game G-4 турнирі өтті.
Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.
Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.
Сонымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.
Бекасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дидье Дешам Франция құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
16.07.2026, 12:25
Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының финалында
16.07.2026, 09:00
Англия - Аргентина: Тікелей эфир!
15.07.2026, 16:00
Абат Айымбетов «Ақтөбеге» қайта оралды
15.07.2026, 15:25
Перуде 500-ден астам нәрестеге Эрлинг Холандтың есімі қойылды
15.07.2026, 12:15
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты
15.07.2026, 08:30
Франция - Испания: Тікелей эфир!
14.07.2026, 14:00
FIFA Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін көбейтуі мүмкін
14.07.2026, 12:00