Шаңғышы қыз-жігіттер ерледі

Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиаданың сегізінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын және бір қола медаль түсті.

Алдымен жүлдені шаңғышы қыздар иеленді. 3х5 шақырымға созылған эстафетада Татьяна Осипова, Ольга Мандрика және Марина Матросова мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті. Бірінші орын Украинаға бұйырса, Швецияның шаңғышы қыздары күміс жүлдені місе тұтты.

Ерлер арасынан 4х10 шақырымға созылған эстафетада Қазақстан құрамасы топ жарды. Александр Малышев, Сергей Малышев, Геннадий Матвиенко және Марк Старостин төрттігі бұл қашықтықты 1 сағат 43 минут 3,6 секундта кесіп өті. Екінші және үшінші орындарды Ресей мен Финляндия құрамалары бөлісті.

Универсиада ертең аяқталады. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12 орынға орналасты. Қоржынымызда – 2 алтын, 1 күміс және 1 қола.  

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды