Жанкүйерлер спорт жұлдыздарымен жүздесті (ФОТО)
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы жанкүйерлерге жаңажылдық тарту жасады. Ұйымдастырушылар Астана мен Алматы қалаларында жанкүйерлердің танымал спортшылардан қолтаңба алып, суретке түсуіне мүмкін жасады. Кездесуге келгендердің саны көп болды. Олар спортшылармен емін-еркін әңгімелесіп, көкейде жүрген сауалдарын да қойды.
Астанадағы «Хан шатыр» орталығында өткен кешке боксшылар Бақыт Сәрсекбаев пен Мерей Ақшалов, дзюдошы Асхат Жіткеев және таэквондошы Арман Шылманов келді. Ал Алматы тұрғындары Майя Манеза, Вячеслав Ершов, Ұлан Рысқұл, Нұрмахан Тінәлиев және Татьяна Аманжолмен жүздесті.
Сондай-ақ осы кездесуде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы жүргізген сауалнама бойынша жылдың ең үздік боксшы ретінде Мерей Ақшалов марапатталды. Айта кетейік, Мерей биыл бокстан Әлем чемпионы атанған болатын. Ұйымдастырушылар бұл шараны дәстүрге айналдыруды мақсат етіп отыр.