Жылқы жылындағы ірі додалар
Өткен жылғыдай 2014 жыл да Қазақстан спорты үшін сәтті болады деген үміттеміз. Бұл жылы да бізді әлемдік деңгейдегі біраз додалар күтіп тұр. Солардың ең маңыздыларына тоқталып өтсек.
Жылқы жылындағы ірі додалар
7-23 ақпан. ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары (Сочи, Ресей)
7-9 наурыз. Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты (Сопоте, Польша)
24-30 наурыз. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты (Сайтама, Жапония)
9-23 мамыр. Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты (Минск, Беларусь)
19 шілде - 4 тамыз. Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты (Барселона, Испания)
5-13 тамыз. Семсерлесуден әлем чемпионаты (София, Болгария)
25-31 тамыз. Дзюдодан әлем чемпионаты (Челябинск, Ресей)
6-20 қыркүйек. Спорттық атудан әлем чемпионаты (Гранада, Испания)
21-28 қыркүйек. Велоспорттан әлем чемпионаты (Понферрада, Испания)
23 қыркүйек - 12 қазан. Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты (Италия)
27-29 қыркүйек. Күрес түрлерінен әлем чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан)
3-12 қазан. Спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты (Наньнин, Қытай)
8-16 қараша. Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты (Астана, Қазақстан). Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты
(Измир, Түркия) Сондай-ақ бокстан WSB додасы, велоспорттан «Джиро», «Тур де Франс», «Вуэльта», теннистен «Дэвис», «Федерация» кубоктары, шағын футболдан УЕФА кубогының финалы, үлкен футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы сынды дәстүрлі додалар да жылдағы мезгілінде өтеді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.