Волейбол. Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» екінші турды да жеңіспен бастады
Петропавл қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионатының екінші турында 8 қаңтар күні Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» алаң иелері «Есілмен» кездесті.
Аса тартысты өткен мачтың бірінші партиясында батысқазақстандықтар қарсыласын 33-31 есебімен ұтты. Содан кейінгі партиялар 25-23, 23-25, 25-23 есебімен аяқталды. Қорытынды есеп - 3:1. Бұл - оралдықтардың қатарынан сегізінші жеңісі.
Бүгін «Конденсат-Жайықмұнай» Қазақстан біріншілігіндегі мықтылардың бірі - «ТНК Казхром» командасымен күш сынасады. Кеше хромтаулықтар «Атырауды» 3:1 есебімен басым түсті.