«Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!»
Бүгін – танымал ақын, қаламы қарымды журналист Есей Жеңісұлының туған күні.
Журналистика саласындағы еңбек жолын «Жас Алаш» газетінен бастаған ол Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы А.Нүсіпбеков атындағы мектептің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.
Есей Жеңісұлы «Жас қазақ» апталығында шыңдалып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының спорттық бағдарламалар бірлестігінде еңбек еткен. Кейін бірнеше жыл спорт комментаторы ретінде футбол жанкүйерлерінің, қазақ тілін қадірлейтін көрермендердің құлақ құрышын қандырды.
Төрт жылдай балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Одан кейін еңбек жолын Президент баспасөз хатшысының орынбасары ретінде жалғастырды.
«KAZsport» телеарнасының алғашқы жетекшісі болған Есей Жеңісұлы сонымен қатар, «Бір жарық», «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!» кітаптарының авторы.
Сейдіахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері атанып, «Дарабоз» сыйлығы мен Президент стипендиясына да ие болды.