«Дакар» раллиінде қаза тапқан журналистердің есімі белгілі болды
Кеше кешкісін «Дакар» ралли-марафоны кезінде болған көлік апатында 20 жастағы студент-журналист Агустин Мина мен оның серіктесі, 51 жастағы әуесқой жүргізуші Даниэль Амброзио қаза тапқан.
Ралли-марафонда жұмыс істеп жүрген журналистер көліктерімен Катамарка қаласынан Сан-Мигель-де-Тукуман қаласына бара жатқан. Олар мінген Ford Ranger жол талғамайтын көлігі бұрылыста жолдан шығып кетіп, шыңырауға құлаған.
Көліктің артқы орындығында отырған фотографтар - 31 жастағы Мартин Дельгадо мен 36 жастағы Родриго де Кесаде аман қалды. Қазіргі уақытта олар Сан-Мигель-де-Тукуман қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
«Автомобиль құздан шамамен 100 метрге төмен құлдилаған. Алдыңғы орындықта отырғандар бірден мерт болды», - деп мәлім етті «Супер Ралли» журналының менеджері Франсиско Дельгадо мен тірі қалған фотограф Мартин Дельгадоның әкесі.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, журналистік топ ралли-марафонды ұйымдастырушыларға ресми тіркелмеген.