Астанада неге ат спорты кешені жоқ?
Ат құлағында ойнап, оны игере білудің өзі – өнер. Бүгінде ат спорты кей елдерде сауықтыру тәсілі ретінде қолданыста. Әсіресе, жүрек қан-тамырларына, асқазан, ішек дертіне шалдыққан жандарға бірден-бір ем.
Ат үстіндегі гимнастика, кедергілерден сәйгүлікпен қарғып өту және мәнерлеп жүру. Бұл – елімізде ең кенже қалған спорт түрлері.
«Тұлпар» ат спорты клубының жаттықтырушысы Ержан Мұратұлы: «Кедергілерден сәйгүлікпен қарғудан Герменияның, Голландияның сәйгүліктері жақсы бейімделген. Қазақстанға да сондай жылқыларды көптеп баптаған дұрыс. Екінші мәселе, Астанада арнайы ат спорты үшін салынған спорт кешені жоқ. Ат үстіндегі ойындар басқа спорт түрлерінің көлеңкесінде қалуда. Егер бізде де спорт кешені болса, бұл спорт түріне келетін жастар саны артар еді»,-дейді.