Талдықорғанда спорт журналистерінің федерациясы құрылды
«Талдықорған қаласы Спорт журналистерінің федерациясы» атты қоғамдық бірлестік ресми тіркеуден өтті. Қайта құралған федерация кәсіпорындарға, мекемелерге, мүгедектер мен жасөспірімдердің ұйымдарына көмек көрсетеді. Яғни федерация осы мекемелер ұйымдастыратын спорттық шараларды кәсіби түрде назарға ұсынады.
Бұл бірлестіктің негізі мақсаты – салауатты өмір салты мен олимпиадалық идеалдарды насихаттау, қалың бұқараны әрдайым спорт пен дене шынықтырумен айналысуға шақыру.