2016 жылға дейін 42 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Қазақстанда 2016 жылға дейін 42 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті деп хабарлайды strategy2050.kz.
«Қызметтің стратегиялық маңызды бағыттары спорттық нысандар құрылысын қолға алу, әсіресе бұл ауылдық жерлерге тиесілі. Осы мақсатта агенттік әрбір аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысын қолға алуда», - деді төраға.
Үкіметтің қолдауымен 2014 жылы 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылсына мемлекттік бюджеттен қаражат бөлу қарастырылған.