Өткен жылы қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар 28 медаль иемденді
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар халықаралық сайыстарда 28 медаль ұтып алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Дене шынықтыру және туризм агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлімдеді деп хабарлайды strategy2050.kz
«Құраманың спортшылар әр түрлі сала бойынша 732 медаль ұтып алуға мүмкіндік алды. Мүмкіндігі шектеулі жандар 28 медальға ие болды», - деді Т. Есентаев.
Оның айтуынша, соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортпен айналысатындар қатары өсуде. Аталмыш көрсеткіш 2009 жылы 6 пайызға, 2013 жылы 8,7 пайызға өсті.
«Ерекше назарда елдегі паралимпиадалық спортшыларға қойылып отыр. Біздің паралимпиадашылар халықаралық көптеген шараларға қатысты. Және Сочиде өтетін паралимпиадалық ойынға 6 лицензия ұтып алды», - деді Т. Есентаев.
Сондай-ақ, агенттік мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін орталық ашатын болады.
2013 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының аясында конкурстық іріктеутен өткен 11 жетекші спортшымыз бен жаттықтырушымыз магистратура мен тағлымдама жолдамалары бойынша Халықаралық олимпиадалық университетке жіберілді.