Ғылыми топ әр спортшымен жеке жұмыс істейтін болады - Т. Есентаев
Алдағы екі айдың ішінде спорттың барлық түрі бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы құрылады. Ғылыми топ әр спортшымен жеке жұмыс істейтін болады. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде осылай деді.
«Ғылымға сүйеніп жұмыс істеу қажет. Екі айдың ішінде Үкіметтің қаулысы шығып қалады, яғни бұл бағыттағы жұмысты біз жаңа жылға дейін бастап кеттік. Ал алдағы екі айда біз жоғары шеберлік мектебін оқу-әдістемелік және талдау орталығы етіп қайта құрмақпыз. Әр спорт түрі бойынша ғалымдар және спортшыларды іріктейміз, ғылыми топ әр спортшымен жеке жұмыс істейтін болады», деді агенттік басшысы.
Фото: ortcom.kz